ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Ишкалова Гульбану ЖУ им.И.Жансугурова
Ключові слова: Түйін сөздер: дәстүрлі аңшылық, методология, теория, концепция, ландшафт, экожүйе, шаруашылық, этникалық экология, бейсана психология, тіршілік қамы.

Анотація

Аңдатпа. Мақалада қазақ халқының дәстүрлі аңшылығын зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері қарастырылып, осы мәселеге қатысты шетелдік және отандық теориялар мен концепциялар баяндалған. Дәстүрлі аңшылықты зерттеуге негіз болатын теориялар мен концепцияларды анықтау басты мақсат болып табылады. Міндеттері: ұсынылған теориялар мен концепцияларды мәселені зерттеудегі маңызын айқындау; дәстүрлі аңшылыққа байланысты мәселелерді шешуде негіздеу. Зерттеуде тарихи және логикалық әдістер, тарихи-салыстырмалы әдіс, анализ және синтез әдістері пайдаланылды. Осы орайда аталған әдістер аңшылықты тарихи уақыт пен кеңістіктегі маңызын зерттеуде тиімді болып, теориялық талдау және тарихилық принципін жүзеге асыруға көмектесті. Мәселені зерттеуге негіз болатын теориялар мен концепциялар қазақ дәстүрлі аңшылығының негізгі көшпелі мал шаруашылығымен қатар дамуын, оның тіршілік қамы жүйесіндегі орнын және бүгінгі күні сақталуын ашуға мүмкіндік берді. Қазақтар жергілікті табиғи ландшафтты өзгертуге тырыспады, керісінше «табиғатпен етене» ұстанымын еш ғылымсыз ұғынып, табиғат пен адам арасындағы өзара қатынасты ол туралы білімі арқылы құрды. Қоршаған ортаға бейімделе отырып, негізгі көшпелі мал шаруашылығымен қатар жоғары дәрежедегі аңшылық шаруашылықты қалыптастырып, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас пен тепе-теңдікті сақтады.

Жарияланды:
2024-12-25