СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ МҰРАСЫ: ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН МӘДЕНИ ИНТЕРПРЕТАЦИЯНЫҢ ТОҒЫСУЫ

  • Мақсат Жәнібек Әлихан Бөкейхан Универитеті
  • Арафат Мамырбеков https://orcid.org/0000-0002-3454-8563
  • Ақмарал Оспанова
Ключові слова: Семей сынақ полигонының тарихы, тарихи жады, көркем әдебиет, бейнелеу өнері, ядролық сынақ

Анотація

Ғылыми мақалада Семей ядролық сынақ полигонының әдебиет пен өнер туыныларында бейнеленуі тарихи дискурс әдісі негізінде қарастырылады. Ядролық сынақтың қоғамға тигізген салдары мен тарихи жадыны қалыптастырудағы рөлі шығармашылық интерпретация тұрғысынан талданған. Зерттеудің мақсаты - Семей ядролық сынақ полигонына арналған көркем шығармаларға, деректі фильмдерге және бейнелеу өнер туындыларына талдау жасау. Зерттеуде тарихи нарративті талдау, интертекстуалдық талдау және компаративистикалық (салыстырмалы) әдістер арқылы ядролық полигон бейнесі қандай контекстте және қандай мағыналық бағытта қолданылғаны және олардың тарихи- мәдени маңыздылығы анықталды. Аталған ғылыми әдістер Семей полигонының өнер туындыларындағы бейнесі мен тарихи шындық арасындағы байналысты ғылыми негізде талдауға мүмкіндік берді. Мақалада келтірілген көркем мәтін интерпретациясы мен пайымдау мәселелері әдебиеттану және герменевтика ғылымдары негізінде зерттелді. Эмоционалды реакция тудыратын сынақ тәжірибесін түсінуге бағытталған деректі фильмдерге де шолу жасалынған. Әдеби шығармалар, көркем сурет туындылары мен кинотуындылар зерттеу жұмысының нысаны ретінде қарастырылған. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау үшін әдеби еңбектер сараланып, бірнеше бағытқа жіктеп ұсынылған. Семей ядролық полигон тарихы мен оның өнердегі бейнеленуін зерттеу қоғамның тарихи жадысын жаңғыртуға, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және тарихи әділеттілікке жетуге ықпал етеді.

Жарияланды:
2024-12-25