МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

  • Гульжиян Джонисова Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті
Ключові слова: ұлттық құндылық, мектепке дейінгі ұйым, ұлттық дүниетаным, білім мазмұны, үлгілік оқу бағдарламсы, инновациялық моделі.

Анотація

Мақалада мектепке дейінгі ұйымда тәрбие жұмысын ұлттық мазмұнда ұйымдастырудың инновациялық бағыттары қарастырылған. Этнопедагог-ғалымдардың ұлттық құндылық туралы тұжырымдарына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың үлттық дүниетанымын қалыптастыруда құндылықтардың маңызы көрсетілген. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына талдау жасай отырып, балаларда ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей материалдардың қаншалықты көлемде екені анықталған. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың инновациялық моделі ұсынылады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдағы ұлттық құндылық қалыптастыруға бағытталған ата-аналармен бірлескен қызметтің инновациялық формалары туралы баяндалады. Аталар мектебі, әжелер мектебі, аналар және әкелер мектептері жұмыстарын жаңа форматта ұйымдастыру бойынша ізденістер баяндалған.

Жарияланды:
2025-03-25
Бөлім
Педагогика