ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРІЛГЕН ТҰЗДЫ ЖАҒДАЙҒА (NACl) ТӨЗІМДІ СОЯ СОРТТАРЫН АНЫҚТАУ

  • Евлоева Х.С., Рахымгожина А.Б., Сыздык М.Р., Атабаева С.Д., Дидоренко С.В., Нурмаханова А.С., Алыбаева Р.А. КУ им. Ш. Уалиханова
Ключові слова: тұзды жағдай, скрининг, Glycine max L., жапырақтың күйіп қалу дәрежесі, NaCl, гидропоника

Анотація

Бүгінгі таңда топырақтың тұздануы ауыл шаруашылығында күрделі мәселе болып табылады. Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің шамамен 62 миллион гектары немесе 20%-ы тұзданғандығы белгілі. Қазақстанда тұзды топырақтар Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарында шоғырланған. Топырақтағы тұздың артық болуы егін өнімділігін төмендетеді. Өсімдіктерінің тұздың жоғары мөлшерін сіңіруі олардың физиологиялық және биохимиялық процестерін тежейді. Мақалада топырақта және гидропоникалық әдіспен өсірілген соя сорттарының (Glycine max L.) скрининг нәтижелері келтірілген. Зерттеу отандық соя сорттарының 14-күндік өскіндерінде жүргізілді. Өскіндердің төзімділігі қоректік ортаға NaCl қосу реакциясы арқылы бағаланды. Тұзданудың соя жапырақтарына әсер ету көрсеткіштерінің бірі ретінде «жапырақтың күйіп қалу дәрежесі» қолданылды, осыған орай өсімдіктің тұзға төзімділігі бағаланған. Тұзға төзімді сорттарда жапырақтың күйіп қалу индексі ≤3 болды. Өсімдіктерді екінші және үшінші үшжапырақ жапырақтары пайда болған өсу кезеңінде NaCl-мен өңдеді. Екі әдісті салыстыра отырып, олардың нәтижелері жапырақтардың зақымдану дәрежесі бойынша бір-бірімен сәйкес келетіні анықталды. Тұздануға төзімділік көрсеткіші бойынша талдауға алынған 10 сорттың 3-і төзімділік көрсетті.

Жарияланды:
2025-03-25
Бөлім
Экология