УЧЕНИЕ ЯСАУИ КАК ГОСУДАРСТВЕННАЯ ИДЕОЛОГИЯ ЗОЛОТОЙ ОРДЫ (На основе китайских исследований)
Анотація
Алтын Орда - Жошы ұлысы негізінде құрылған мемлекет. Алтын Орда мемлекетінің хандарынан алғашқы болып Берке хан Ислам дінін қабылдады. Өзбек хан тұсында Ислам діні мемлекеттік дінге айналды. Тарихи тұрғыдан қарасақ, Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісі мемлекеттік деңгейде өте жүйелі түрде жүзеге асырылды. Бұл үдерісте сопылық бағытты ұстанатын Хорезм мұсылмандарының рөлі ерекше болған. Алайда Қожа Ахмет Ясауи (1041-1166) [1, 2, 3] негізін қалаған Ясауи тариқаты маңызды рөл атқарды. Алтын Орда хандары Ислам дінін мемлекеттік дін етіп, Ясауи мектебінің ұстанымдарын мемлекеттік идеологияға айналдыру арқылы тұтас Жошы ұлысының бірлігін қамтамасыз ете алды. Ясауи ілімін ұстану арқылы көшпелі тұрмыс-салт Исламмен үндесіп ұлыстың негізін құрайтын моңғол-қыпшақ руларының қолдауына ие болды. Алтын Орда мемлекетінің ұзақ уақыт өмір сүруінің және Жошы әулеті билігінің Алтын Ордадан тарған хандықтарда да Ясауи ілімі сәулесін шашып тұрды. Көркейген ислам мәдениетімен Ясауи жолын ұстануының арқасында Алтын Орда мемлекеті парсы, орыс және тағы басқа мәдениеттерге жұтылмай түркілік реңін сақтап қалды. Мақалада Берке хан мен Өзбек хан дәуіріндегі тарихи үдерістер кеңінен қарастырылып, олардың билігі тұсында қалыптасқан саяси, діни және мәдени жетістіктерге назар аударылады. Әсіресе, Ясауи ілімін ұстану Алтын Орда мемлекетінің дамуына тигізген ықпалы ерекше атап өтіледі. Мақалада тақырыбымызға қатысты қытай зерттеулеріне айрықша мән беріліп, осы тақырыпқа қатысты қытай тарихшыларының еңбектері егжей-тегжейлі талданған. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау әдісі қолданылып, Берке хан мен Өзбек хан дәуіріндегі исламның таралуы, құқықтық жүйенің өзгеруі және мәдени алмасу үдерістері салыстырылып сипатталады. Бұл тәсіл тарихи деректердің объективтілігін қамтамасыз етіп, Алтын Орда тарихын тереңірек түсінуде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.