ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ «ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ» ҰҒЫМЫ
Анотація
Ғылыми мақалада «лингвистикалық интеллект» ұғымының қазіргі ғылым кеңістігіндегі орны мен зерттелу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «лингвистикалық интеллект» терминінің ерекшеліктері, қалыптасуы және оның ішкі құрамдас компоненттерін айқындау болып табылады. Жаһандану мен цифрлық өркениет ықпалының артуына байланысты жеке тұлғаның лингвистикалық әлеуетін арттыру өзекті мәселеге айналды. Адамның ақыл-ой қабілетінің айқын көрінісі саналатын бұл ұғымды түбегейлі зерттеп, лингвистикалық интеллектіні қалыптастыру және дамыту, жүзеге асу формаларын белгілеу, басты тілдік операцияларға сипаттама беру арқылы негізгі ғылыми міндет жүзеге асады. Зерттеу әдістемесіне лингвистикалық интеллект ұғымын нақты айқындауға мүмкіндік беретін лексикографиялық анализ, концептуалды саралау мен құрылымдық модельдеу тәсілдері кіреді. Зерттеліп отырған құбылысқа отандық және шетелдік ғалымдардың берген тұжырымдамалары мен бақылауларына сүйеніп оның басты белгілері анықталды. Сондай-ақ соңғы зерттеулер қорытындысы лингвистикалық интеллектінің дербес ерекшеліктерін көрсетіп отыр. Ұсынылған модельдер мен сызбалар нақты ғылыми дәлелдемелерді саралау нәтижесінде қалыптасты. Негізгі тұжырымдар лингвистикалық интеллектінің қазіргі уақытта жіті зерделеуді қажет ететін тұжырым екендігін дәлелдеді. Зерттеу тіл біліміне үлес қоса отырып, тың түсінік арқылы жаңа ғылыми нәтижелер алуға болатынын айғақтайды. Жұмыстың практикалық мәні лингвистикалық интеллекті ұғымының ерекшеліктеріне назар аудара отырып оны қалыптастыру мен дамыту мәселесін белгілеумен айқындалады.