ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Анотація
Тарихи дереккөздер қатарына электронды ақпараттық ресурстар да кіреді. Сол себепті бұл мақаланың мақсаты – электрондық ақпараттық ресурстардың пайда болуы мен дамуына ықпал еткен теориялық негіздер мен практикалық факторларды зерттеу болып табылады. Мақалада шетелдік ғалымдардың тақырыпқа қатысты жазылған еңбектеріне теориялық тұрғыда сараптамалар жасалынды. Ғалымдардың еңбектерін қарастыра келе мақалада сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды. «Ақпарат» және «ресурс» терминдеріне анықтамалар беріліп, ақпараттық ресурстың қалыптасуы қарастырылды. Сонымен қатар мақалада ішінара ақпараттық ресурстардың эволюциясы ежелгі өркениеттен бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңдеріне шолу жасалынды. Ақпараттық ресурстардың эволюциясына әсер еткен негізгі жаңалықтар кезеңдер арқылы бөліп көрсетілді. Тарих бойынша ақпараттық ресурстардың дамуының қоғам мен мәдениетке қалай әсер еткені талқыланды. Соның ішінде ақпараттық мәдени салалардың бірі болып табылатын кітапхана қызметіне ақпараттық технологияның еніп, ақпараттық ресурстардың сақталуы, жинақталуы бойынша жұмыстары қаралды. Көптеген шетелдік авторлардың тақырыпқа қатысты еңбектеріне салыстырмалы түрде талдау жасаланып, сараптамалар жасалынды. Зерттеу жұмыстары бойынша бүгінгі таңда кез келген мекемелер дамуға ұмтылса өз қызметтеріне жаңашылдық енгізіп, күнделікті қаракеті мен іс тәжірибелерін қайта қарастыруы керек. Бұл зерттеу электронды ақпараттық ресурстардың пайда болуын анықтау арқылы тұжырымдар жасалып, теориялық негіздер мен практикалық әзірлемелер туралы түсінік береді.