Бейінді мектептерге "Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары" атты элективті курс жасау

  • Zhanbota Umbet Университет КазНУ
Ключові слова: Элективті курс, бейінді мектеп, химия, бейінді сынып, оқу-әдістемелік кешен

Анотація

Элективті  курстар – білім алушылардың  бейіналды және бейінді даярлығын анықтауға негізделген оқытудың  негізгі формасы. Сол себепті элективті курстардың мазмұнын білім алушылардың құзіреттілігін арттыруға негіздеп таңдау өзекті мәселе. Осыған орай бейінді сыныптарға арналған элективті пән ретінде «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» тақырыбы таңдап алынды.  Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары элективті пәнінің мазмұнын жасауда алдымен білім алушылардың білімін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі талқыланып, білім алушылардың білімін анықтау үшін химияның кинетика және термодинамика саласы бойынша тест құрастырылды. Білім алушылардың тест нәтижелері негізінде элективті пәннің бағдарламасы жасалды.

Опубліковано
2023-03-25
Бөлім
Педагогика