ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА “ТӨҢКЕРІЛГЕН ОҚЫТУ” ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ

  • Кубесова Г.Т., Қуантаева С.М. АРГУ им.К.Жубанова
Ключові слова: Төңкерілген сынып, география, скринкаст, видеосабақ, Блум таксономиясы, ақпараттық-коммуникативті технология.

Анотація

Төңкерілген сынып әдісі – оқушылардың білім алу үдерісін тиімді ұйымдастыратын инновациялық тәсіл. Бұл әдісте теориялық материалдар үйде өз бетінше меңгеріледі, ал сабақ уақыты практикалық жұмыстарға, талқылауларға және қолданбалы тапсырмаларға арналады. География пәнінде бұл әдіс карталармен, цифрлық ресурстармен, зерттеу жобаларымен және тәжірибелік тапсырмалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оқушылар белсенді оқу ортасына еніп, ақпаратты талдауды, өз бетімен зерттеуді және географиялық заңдылықтарды нақты деректер негізінде түсінуді үйренеді. Осылайша, төңкерілген сынып әдісі оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
География