ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ МИФТЕРДІҢ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

  • Сұлтанғалиева Р.Б., Метенова З.Р. БҚУ
Ключові слова: Кілт сөздер: миф; мифология; этиология; интерпретация; фольклор; проза; аңыз; әпсана; әңгіме; сюжет.

Анотація

Аңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында кездесетін этиологиялық мифтердің берілу жолдары қарастырылады. Оның ішінде сол кездегі жазушылардың жазу ерекшеліктері мен этиологиялық мифтердің өзгешеліктері беріледі. Табиғат пен тіршілік – адам қиялының қайнар көзі. Әдетте, кез келген миф тарихи тәжірибеге, адамның әлдебір бастан кешкен іс-әрекетіне негізделіп құрылады. Мифтерде, әсіресе, өткен күндердің шын мәнісіндегі тарихи оқиғалары маржандай тізіліп, сабақтаса баяндалады. Сол себептен де, жекелеген халықтардың тарихын зерттеу орайында мифология бірде-бір өнер теңдесе алмайтын құрал болмақ. Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
Филология