МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ТЕОРИЯЛАНДЫРУ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН ОРТА МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

  • Кенжебаева Майра AGEU
Ключові слова: теоретизация математического образования, преемственность математического образования, мнения учителей и преподавателей, студентов.

Анотація

Аңдатпа. Бұл зерттеудің мақсаты математикалық білім беру мазмұнын теорияландыруға негізделген жоғары оқу орны мен орта мектеп арасында математиканы оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдер мен оқытушылардың пікірлерін талдау болып табылады. Бұл зерттеуде сапалы зерттеу әдісі қолданылды. Зерттеу тобы Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындары мен орта мектептерінде сабақ беретін 40 математика мұғалімдері мен 12 оқытушыдан құралды. Зерттеу деректері алдын ала әзірлеген сұхбаттың жартылай құрылымдалған түрі арқылы жинақталды. Зерттеу деректері мазмұнды талдау әдісін қолдану арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижесінде зерттеуге қатысқан математика мұғалімдерінің көпшілігі математика мазмұнын теорияландырудың қосымша тақырыптарында жеткілікті түрде құзыреттілік деңгейлерінің жоғары емес екенін көрсетті. Математика мұғалімдерінің басым көпшілігі жаңа тақырыптарға қатысты математикалық есептер шығаруда өз құзыреттіліктерінің өте жеткіліксіз екенін айтты.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
Педагогика